Текст
Біздің 2025-2026 оқу жылының "Үркер" мектепалды тобы бүлдіршіндері Қоянды ауылының мектеп-лицейіне экскурсия жасап қайтты. Балалар мектеп өмірімен танысып,спорт зал, асхана, робота техника кабинеттері, сынып бөлмелерін, кітапхананы аралап, ерекше әсер алды. Болашақ оқушылар мектеп ортасына қызығушылықпен қарап, көтеріңкі көңіл-күймен оралды.Осындай танымдық саяхаттар балалардың білімге деген құштарлығын арттырады.



